🫧«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда.
№30 қалалық емхана аумағына санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Біраздан бері тазалықтың өзегіне айналып келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жұртты игі іске жұмылдыра алған берекелі бастамаға балап, маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс екенін жеткізді. Және бүгінгі күндері медицина саласының өкілдері де бұл игі істің насихатына үлес қосып, қоғамда кең етек алуына, ғұмырының ұзақ болуына біркісідей атсалысып келеді.